
Sony Corp. Olympus Corporation компаниясындағы өзіне тиесілі 10%-дық акциялар пакетінің жартысын JPMorgan Chase & Co банкіне сататындығын мәлімдеді. Сатылымнан түскен қаржы жаңа стратегиялық инвестициялар үшін жұмсалады деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Келісім-шарт бағасы жарияланған жоқ. Апта ортасында биржадағы баға белгілеу бойынша Olympus акцияларының құны 4420 иен деп бағаланды. Мамандардың есептеуінше, құнды қағаздардың 5 пайызы 76 млрд иенді (632 млн доллар) құрауы қажет.
Сатылымға дейін Sony Olympus-тың ең ірі акционерінің бірі болған еді. Ол компанияның акциялар пакетін 50 млрд иенге сатып алды.
"Дегенмен де Sony Olympus-пен жақсы қарым-қатынасын сақтап қалатындығына сенімді", -деп атап өтті оңтүстік кореялық компанияның өкілі Кодзи Курата.
Айта кетейік, Olympus - әлемдегі оптика, фототехника және эндоскоп өндіруші жапондық ең ірі компаниялардың бірі.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025