Спот-нарықтағы әлемдік уран бағасы көтерілді

485
Спот-нарықтағы әлемдік уран бағасы көтерілді.....

Үш апталық үнсіздіктен кейін ағымдағы уран бағасы 0,6%-ға өсті.

Ux Consulting Co (UxC) консалтингтік компанияның мәліметінше, уранның тотығы мен шала тотығының концентраты 23 наурыз күні аяқталған жеткізілімнің мәліметі бойынша бір фунтына 39,5 долларды құраған. Осыған дейін 16,9 және 2 наурыз күнгі қорытындылар бойынша бір фунт 39,25 доллар деп бағаланған еді.

Уранның негізгі көлемі өндіруші компания мен ядролық отын тұтынушыларының арасында келісілген ұзақ мерзімді келімі-шарттар арқылы сатылымға шығарылады. Қатысушылар қаржы инвесторлары болып табылатын спот-нарықта шикізаттың аздаған бөлігі 12 айлық мерзіммен сатылады. Ал уранның негізгі бағамы UxC және TradeTech арқылы белгіленіп отырады.