Standard & Poor’s Қазақстанның рейтингін нақтылады

Standard & Poor's Қазақстанның рейтингін нақтылады

Халықаралық Standard & Poor’s агенттігі Қазақстанның шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелерін «BBB/А-2» негативті болжаммен белгіледі деп хабарлайды агенттіктің баспасөз-хатшысы.

Сондай-ақ, агенттік Қазақстанның ұлттық деңгейіндегі көрсеткішін «kzAA+» деңгейінде белгіледі. S&P  сарапшыларының мәліметінше, Қазақстан экономикасы бұрынғысынша ресурсты базаға, оның ішінде мұнай секторына байланысты. Оның Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлесі 20-30%, салық түсімдеріндегі үлесі  50% -дан жоғары және экспорттағы үлесі  60%  құрайды.

Қазақстанның рейтингіне позитивті түрде бюджетті көрсеткіштер әсер етеді. Ал негатитві рейтингті сарапшылар ішкі және сыртқы тәуекелдердің көбеюімен түсіндіріп отыр.