Страдивари және Гварнери скрипкалары Қазақстанда қайта сақтандырылды

Страдивари және Гварнери скрипкалары Қазақстанда қайта сақ

«Еуразия» сақтандыру компаниясы Страдивари және Гварнери скрипкаларын қайта сақтандырды. Сақтандырудың жалпы құны 270 млн теңгені құрады.

Сақтандыру келісім шарты бойынша өрт жағдайында, аспаптарды сақтайтын орындарынан мерекелік іс-шараларға апару үшін тасымалдау барысында, табиғат жағдайларында және т.б мүліктік қатер төнгенде өтелетін болады.

Әлем бойынша Страдивари скрипкасының 650-ге жуық, Гварнеридің 140-қа жуық түрлері сақталған. Скрипкадағы атақты орындаушылардың көбі осы аталған скрипкаларды таңдаған. Мәселен, Крейслер, Стерн, Хейфец, Коган — Гварнериді, Ойстрах Страдивари скрипкасында ойнағанды жөн көрген.

Атап өтуге тиісті бір жәйт, Гварнери скрипкалары 2 есе қымбат тұрады.

Музыканы зерттеуші тарихшылардың айтуынша, Страдивари скрипкасы өзімен-өзі ойналатын, ғажап дауысқа ие аспап, ал Гварнери скрипкалары кең диапазонды әрі ойнау үшін асқан шеберлікті талап етеді.