Стюардессалар қолын неге артқа қойып тұрады?

944
Стюардессалар
Фото: diaforetiko.gr

Ұшу алдында телефонды өшіріп, белдік тағуды ескертетін стюардессалардың бәрінен бұрын атқарылатын және бір міндеті бар екенін көбі біле бермейді. Көзі қырағы жолаушылар өздерін салонға күтіп алғанда, не одан шығарып салғанда стюардессалардың қолын артқа қойып тұратынын байқаған да шығар.

Оның себебі, ұшпас бұрын борт серігі жолаушыларды санап алуы тиіс. Санақты кіріп жатқанда, не бәрі жайғасып болғанда жүргізеді. Оны мынадай құралдың көмегімен іске асырады:

Фото: bernadg/depositphotos.com
Фото: bernadg/depositphotos.com

Борт серіктері бұл процеске артық назар аудармау үшін қолын артқа ұстап тұрады.