Sulpak компаниясы қазақстандықтардың көбісіне мәлім. 2013 жылы GallupMedia келтірген мәліметтерге сүйенсек, брендтің танылу деңгейі 80% болған, ал Қазақстанның кейбір қалаларында 97%-ға жеткен. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш жоғарылаған болар, бірақ кеми түспегені анық. 7kun.kz осыншама танымал Sulpak брендінің шығу тарихы, даму кезеңдері мен қазіргі жағдайын баян ететін дүниені назарларыңызға ұсынады.
[caption id="attachment_12728" align="alignleft" width="200"] Алмас Сұлтанғазин[/caption] Sulpak компаниясының негізін 1992 жылы Алматы қаласында Алмас Сұлтанғазин мен Андрей Пак қалаған. Құрылтайшылар ата тектерінің алғашқы буындарының қосындысынан компанияның атауы пайда болған. Бастапқыда Sulpak Қазақстанның орталық қалаларында электроника мен тұрмыстық техниканың көтерме саудасымен айналысты. Ал 2001 жылдан бастап компания елдің барлық аймақтарында электроника мен тұрмыстық техниканы сататын бөлшек сауда дүкендерінің желісін дамыта бастады. 2006 жылы Sulpak Ресейдің "Эльдорадо" компаниясымен консультация алып тұруға қатысты келісімге келеді, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын құруға қатысты келіссөздер жүргізіле бастайды. Осы жылы "Эльдорадо" компаниясының негізін қалаушы Игорь Яковлев Алмас Сұлтанғазин мен Андрей Пактан Sulpak-тың 50% акциясын сатын алу опционын алады. [caption id="attachment_12732" align="alignright" width="203"] Игорь Яковлев[/caption] Опционды 2008-2009 жылдары іске асыру жоспарланған еді, бірақ 2008 жылдың басында "Эльдорадоның" Ресейдегі бизнесі бірқатар проблемаларға жолығып, мәмілені жасасу кейінге шегерілді. 2009 жылдың тамыз айында жаңа "Arena S" ЖШС құрылады. Ал 2010 жылы И.Яковлев Sulpak-тың 51% акциясын сатып алады да, сол кездегі Sulpak-тың еншісіндегі 37 дүкен жақында ғана құрылған "Arena S" компаниясының қарамағына өтеді. Sulpak компаниясын басқаруға ресейлік "Эльдорадо" желісінің топ-менеджерлері жұмылдырылады. Компанияның бас директоры болып Денис Смирнов тағайындалады. Бір жылдың ішінде Sulpak-тың жаңа басшылығы желінің нарықтағы үлесін 10%-ға, 27%-ға дейін арттырады. 2010 жылдың аяғында кіріс көлемі 142 млн долларға жетеді, ал желідегі дүкендер саны 40-қа жетеді. 2011 жылы түсім өсімі алдағы жылмен салыстырғанда 32%-ға өсіп, 332 млн долларды қамтыды. 2012 жылы Sulpak түсімі 50%-ға артып, 496 млн доллар деңгейіне дейін көтерілді. 2012 жылдың аяғында дүкендер саны 57-ге жетті. Осы жылы осы компанияның дүкендерінде болған адамдардың саны - 13 миллион. Бұған қоса Sulpak 2010/11 жыл ішінде қаржылық есеп аудитінен сәтті өткен алғашқы ірі отандық ритейлер атанды, аудитті PricewaterhouseCoopers компаниясы жүргізді. 2014 жылы компания Еуропаның "Euronics International" баинг тобына қосылды. Бұл жылы Қазақстандағы электроника мен тұрмыстық техника сатылымдарының 38%-ы Sulpak-қа тиесілі болды. Қазіргі кезде Sulpak - Қазақстандағы тұрмыстық техника мен электрониканы сататын ең ірі бөлшек сауда желісі. Бұл Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Ақтау, Қостанай және т.б. секілді Қазақстанның ең ірі 30 қаласындағы 79 дүкен. Sulpak-та еңбек ететін қызметкерлердің саны - 4 500 адам. Қазіргі уақытта, ресми ақпарат бойынша, Sulpak желісіне иелік ететін "Arena S" ЖШС, бұл компанияның құрылтайшысы Crypton Netherlands B.V. Желінің ортақ иелері - "Эстафета" фирмасы арқылы Ақмарал Жақсылықова және Арман Сұлтанғазин (Аслан Сұлтанғазиннің ұлы). Дайындаған Алмас Өтебай "7"Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024