Сырдария өзені арнасынан тасуы мүмкін

Фото: spinning.kz

Қызылорда. 19 мамыр. 7kun.kz — Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 19-23 мамыр аралығында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

«Өзбекстаннан келген дауылды ескертуге байланысты 19-23 мамыр аралығында Сырдария өзені Көкбұлақ гидробекеті аймағында су өтімінің 1500-1800 текше метрге дейін артуы мүмкін. Су тасулар мен су басулар болуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, синоптиктер 2017 жылдың 20-22 мамырына арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Ауа райының күрт ауытқуы — мамыр айының ерекшелігі. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7…15 градус болады деп күтілуде.  Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде  ауа температурасы 1…3 градусқа дейін төмендеп аяз болады», — деді синоптиктер.

Дереккөз: tengrinews.kz