ОҚО-да 2 млрд 600 млн теңгеге көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

көпқабатты
Фото: ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметі

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көпқабатты 7 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр деп хабарлайды ОҚО әкімшілігінің баспасөз қызметі. 

Оған қазынадан жалпы 2 млрд 600 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Тұрғын үйлер ауданның Т. Рысқұлов және Састөбе ауылында бой салынып жатыр. Бұл елді мекендерде 32 мыңға жуық халық тұрады.

Құрылысы қарқын алған Т.Рысқұлов ауылында көпқабатты 5 тұрғын үй, ал Састөбе поселкесінде 32 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы басталған.
Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың соңы мен 2019 жылдың басында аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 320 отбасы баспаналы болады деп жоспарланған.
Мұнда заманауи тұрғын үй құрылысымен бірге сол аймақтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы да жүргізіледі.
Қазір Түлкібас ауданында 1507 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.