Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директорлар кеңесінде өзгеріс болды

96
Тұрғын

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамының өзгергені туралы хабарлады. Бұл туралы KASE-нің ресми сайтында жарияланған құжатта айтылған.

Директорлар кеңесі 2018 жылдың 5 маусымында Досым Қадырбаевты Директорлар кеңесінің мүшесі – ЖЗҚ-ның тәуелсіз директоры етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.

Өзгерістен кейін АҚ директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей болды –  Айдар Арифханов, Ләззат Ибрагимова, Есжан Біртанов, Мирас Ибрашев, Александр Барунин, Досым Қадырбаев.

Досым Қадырбаев 1963 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Ленинград мемлекеттік университетін «Жоғары математика» мамандығы бойынша бітірді. Коперник (Франция) бағдарламасы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі (MBA).

Әр жылдары Қазақстандағы «Credit Commercial de France» компаниясының директоры, «АТФ Банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «КазПетроМаш» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры, «Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымының тәуелсіз директоры болып жұмыс істеді.