Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел дүниеден озды

Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирел Анкарада 91 жасқа қараған шағында дүниеден озды деп хабарлайды Daily Sabah.

Сүлеймен Демирел Анкараның ауруханаларының біріне 13 мамыр күні жеткізілген. Жақында оның жағдайы нашарлап кеткен.

Сүлеймен Демирел 1993-2000 жылдар аралығында Түркияның президент қызметінде болған. Премьер-министр қызметіне бес рет тағайындалған. Ол Әділет партиясының негізін қалаушылардың бірі. Көптеген экономикалық реформалар жасап, нәтижесінде ел индустриясы жақсарды.

Саясаткердің атына Қазақстанда университет аталған. ЖОО Алматы облысы Қаскелең ауданында орналасқан. Университет 1996 жылы ашылған.