Тағы бір ерекше электр көлігі шықты

электр көлігі
Фото: Guide Auto

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Америкалық өндіруші Лас-Вегастағы CES 2018 көрмесінде жаңа Fisker EMotion электр автомобилін таныстырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Автокөлік қуатсыз 640 шақырым жол жүре алады. Fisker EMotion сатылымға 2020 жылға қарай шығады, бағасы шамамен 130 мың долларды құрайды.