Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 11 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 330,77 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,50 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,98, сауданың аяқталуы кезінде 330,70 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 49 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 129.
Ақша айырбастау орындарында 11 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 333 теңгені құраған.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





