Тайвандық өнертапқыш ұялы телефондардан көлік құрастырды

Тайвань аралынан шықан өнертапқыш Лин Ши-Пао соңғы айларда іске асырған ерекше жобасын ұсынды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қытайлық суретші Formula 1 жарыс көлігін жиырма бес мың қалта телефонынан құрастырып шығарыпты.  Лин Ши-Пао идеясын іске асыру үшін 30 мың доллар жұмсаған, деп хабарлайды newsru.com. Сондай-ақ, ол қажетті қалта телефондарын 4 жыл бойы жинаған.

Ол осы өнері арқылы қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосқысы келеді.  Суретші Тайвань аралында дүниеге келіп, АҚШ пен Жапонияда жоғары білім алған. Оның жұмыстары әлем музейлерінде қойылған.

Фото: 24.kz