Тамыз айында Samsung Note 8 смартфоны сатылымға шығады

смартфон
Фото: pix-fox.com

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz — Samsung компаниясы тамыз айында Note 8 смартфонын сатылымға шығарады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Смартфонның  шығарылатын күнін The Bell  корей ақпарат көзі 23 тамыз деп көрсетті.

Аталған смартфон алдымен Нью-Йорк жұртшылығына таныстырылады.

Note 8 смартфонының сатылымға ерте шығуына екі негіз бар. Біріншіден, Galaxy Note 7 телефоны 7 тамыз күні таныстырылып,  19 тамызда сатылымға шықты. Екіншіден, 2017 жылдың күз айларында смартфон нарығында бәсекелестік көп болады. Өйткені,  iPhone 8 жоғары бәсекелестікті талап етсе, Google компаниясы Pixel 2 өнімін айналымға жібереді.