Таңғы сессия: 1 доллар — 376,03 теңге

нығайды
Фото: ktk.kz

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессияда доллардың орташа өлшемді бағамы 376,03 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,06 теңге / $1) ұлттық валюта 2,03 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,70 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,80 теңге, жабылу курсы бір долларға 376,01 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 52 млн долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны —123.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы сағат 11:15-те 377,5 теңге, Алматыда – 378,5 теңге.

Ұлттық Банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,95 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.