Таңғы сессия: 1 доллар — 386,39 теңге

11
386
Фото: bnews.kz

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 386,39 теңгені құрады. 28 қарашадағы деректермен салыстырғанда (386,36 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,03 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 387,3 теңге, Алматыда — 388,6 теңге.

Ұлттық Банктің 29 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,31 теңгені құрайды.