Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 379,9 теңге

таңғы
Фото: total.kz

Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,89 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,82 теңге/$1) ұлттық валюта 0,07 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,97 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 27 млн 300 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 68.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 382,2 теңге.

Ұлттық Банктің 28 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 379,86 теңгені құрайды.