Таңғы сессияда доллар арзандай түсті

таңғы
Фото: zakon.kz

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,66 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (374,50 теңге / $1) ұлттық валюта 1,16 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376 теңге, жабылу курсы бір долларға 376 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 33 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 75.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 378 теңге, Алматыда – 378,1 теңге.

Ұлттық Банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 374,63 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.