Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,66 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (374,50 теңге / $1) ұлттық валюта 1,16 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376 теңге, жабылу курсы бір долларға 376 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 33 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 75.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 378 теңге, Алматыда – 378,1 теңге.
Ұлттық Банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 374,63 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024