Таңғы сессияда теңге әлсіреді

60
валюта
Фото: de.sputniknews.com

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 386,36 теңгені құрады. 27 қарашадағы деректермен салыстырғанда (385,95 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,41 теңгеге әлсіреді.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 387,5 теңге, Алматыда — 388,5 теңге.

Ұлттық Банктің 28 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 386,19 теңгені құрайды.