Таңғы сессияда теңге нығайды

нығайды
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 379,68 теңгені құрады. 3 ақпандағы деректермен салыстырғанда (380,55 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,87 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 381,5 теңге, Алматыда — 382 теңге.

Ұлттық Банктің 4 ақпандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 380,65 теңгені құрайды.