Таңғы сессияда ұлттық валюта 4 теңгеге нығайды

ұлттық
Фото: 24.kz

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,61 теңгені құрады. 8 ақпандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (380,15 теңге / $1) ұлттық валюта 4,54 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 68 млн 550 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 202.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379 теңге, Алматыда – 378,5 теңге.

Ұлттық Банктің 11 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,73 теңгені құрайды.