Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тау-кен металлургия кешеніне 34 млрд доллар инвестиция тартылған

Тау-кен металлургия кешеніне 34 млрд доллар инвестиция тартылған
Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Инвестициялар және даму мирнистрі Жеңіс Қасымбек Kazakhstan Global Investment roundtable алаңында тау-кен металлургия кешенінің инвестициялық мүмкіндіктері бойынша үкіметтік брифингте соңғы 12 жылда тартылған ақша туралы айтты деп хабарлайды ИЖДМ баспасөз қызметі.  «ТМК өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын және экспорттың 21пайызын қамтиды. Сонымен бірге, индустриалдық өндіріс құрылымында өңдеуші сектордың қарқынды өсуі ұлттық индустриялық саясаттың басымдығы болып саналады. Металлургия өнеркәсібін дамыту – индустриялық саясаттың ұзақ мерзімді басымдығы. Базалық сала ретінде - аралас және қосалқы жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті министр.  Министрдің келтірген дерегі бойынша, 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 250 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Оның 34,2 млрд доллары тау-кен металлургия кешеніне тартылған. Сонымен қатар, Қазақстанда тұжырымдамалық және «серпінді» жаңалықтар енгізуді қамтитын үздік әлемдік тәжірибелердің негізінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы жаңа Кодекс жобасы әзірленді. Брифингте шикізат пен металдардың басты тұтынушысы – Қытайдың географиялық жақындығын ескере отырып, елдер арасында «Жібек жолы» экономикалық белдеуінің көлік инфрақұрылымын дамытып отырған Қазақстанның минералды шикізатты және олардың өнімдерін өндіруден үлкен жетістікке жету мүмкіндігі зор екендігі айтылды.

Похожие материалы