Тазартылмаған май шығару 34%-ға өсті

131
май
Фото: ikaketosdelano.ru

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 132,7 мың тонна тазартылған (жылдық өсім — 8,8%) және 190,1 мың тонна тазартылмаған (жылдық өсім — 33,8%) май өндірілді. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.

Өндірістің ең үлкен көлемін(тазартылған майдың үштен екісі және тазартылмаған майдың 85%-ы) Шығыс Қазақстан облысының өндірушілері қамтамасыз етті. ШҚО-да «Май» АҚ, «Востоксельхозпродукт» ЖШС, «Усть-Каменогорский маслозавод» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қазақстандық өндірушілер жалпы күнбағыс майы нарығын қамтамасыз етеді: 11 айдың қорытындысы бойынша сұранысты жергілікті компаниялар 73,3%-ға жапты.

Өндірістің айтарлықтай өсуінен басқа, экспорт та 27,8% -ға, 72,5 мың тоннаға дейін ұлғайды.

2020 жылдың қаңтар айында ҚР қалалары бойынша орташа алғанда күнбағыс майының литрі 433,2 теңгені құрады, ол бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,5%-ға көп.

Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен мегаполисі арасында ең қымбат май бағасы Ақтау, Нұр-Сұлтан және Атырауда тіркелді.

Жалпы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында май 6,3% — ға төмендеді.

Өткен жылдың басында күнбағыс егілген жер 856,9 мың га құрады, 2018 жылы — 895,9 мың гектар. Бір гектардан өнімділік 10,2-ден 10 центнерге дейін азайды.

Өңдеуден кейінгі салмақта жалпы тұқым жинау 2018 жылғы 902,6 мың тоннаға қарағанда 847,7 мың тоннаны құрады.