Теңге бағамы үш күннен бері нығайып келеді

201
әлсіреді

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 338,88 теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,77 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 338,45 теңге, ал ең жоғарысы 339,15 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 29,95 млн долларға жетті. Дүйсенбі доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 339,65 теңге, күндізгі сессияда 339,38 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 339,5 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 62,1 млн долларды құрады.