Текеліде газ блоктарын шығаратын кәсіпорын ашылды

газ

Алматы. 13 шілде. 7kun.kz — Алматы облысындағы Текелі қаласында газ блоктарын шығаратын кәсіпорын ашылды. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөзі хабарлады.

“2015 жылы біз “Бизнестің жол картасы — 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алдық. Палата филиалы газ блоктарын дайындау жөнінде бизнес-жоспар әзірлеп, осы күнге дейін жобаны толығымен сүйемелдеп келеді. Кәсіпорынға 30 млн шамасында жеке қаражатты жұмсадық”, — деді жоба авторы Динара Ысқақова.

Ашылған зауыт қалада газ блогын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Өндіріс ресейлік құрал-жабдықта жүргізілгенімен, цемент, құм, аллюминий ұнтағы және тағы басқа қажетті заттардың барлығы жергілікті шикізаттан алынады. Құрылыс материалдарын түрлі көлем мен нысандағы ғимараттарды салуға пайдалануға болады. Жеке үйлерден бастап биік көпқабатты үйлерді, сауда және ойын-сауық орталықтарын салуға қолданылады.

Айта кетейік, Текеліде жалпы саны 26 өндірісітік кәсіпорын бар.