Теңге қайта нығайып келеді

49
Теңге
Фото: dknews.kz

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 370,86 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (371,19 теңге / $1) ұлттық валюта 0,33 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,55 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 371,15 теңге, жабылу курсы бір долларға 370,75 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 22 млн 200 мың  долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 84.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372,5 теңге, Алматыда – 373 теңге.