Теңгелік депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғаяды

Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ұлғайғандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғаяды. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.

Одан басқа, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.

Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап, банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.