Tengri Travelsystem әрекеттері 8 миллион доллар залал келтіруі мүмкін

515

Tengri Travelsystem туроператорының әрекеттерінен болған залал 7-8 млн долларға дейінгі соманы қамтуы мүмкін деп хабарлады Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басқарма төрағасының орынбасары Марина Шиповалова.

«Алматыда Travelsystem шамамен 3 мың орын брондаған және олардың ішінде сатылғаны да бар болар және Астанада тағы 2 мыңы бар. Бүгінгі таңда шамамен 5 мың жолаушыға қызмет көрсетілмейді. Біз сұрастырып үлгерген туроператорлардың берген бағасы бойынша, егер бір адамға 1 мың доллардан есептейтін болсақ, Tengri Travelsystem бойынша болған залал 5 млн доллар. Travelsystem әрекеттерінен нарыққа тиген залал. Бұған қос «Скатқа» (әуе компаниясы — 7kun.kz) олар өткен жыл үшін 2,5 млн доллар қарыз. Жалпы залал қазір шамамен 7-8 млн доллар деңгейінде бағалануда», — деп мәлімдеді сәрсенбі күні Алматыда өткізілген баспасөз конференциясында М.Шиповалова.

«Бұл ретте заңның жетілмегендігіне байланысты турагенттерде сақтандыру төлемдерін талап ету мүмкіндігі бар, осылайша осы залалдың бір бөлігін сақтандыру компаниялары өтеуі тиіс болады», — деді ол.

«Міне, Travelsystem-нің жағдайы, егер сақтандыру компаниялары осы операторда тасымалдаушы алдында төленбеген қарызы бар екенін білсе, онда бұл агенттікте сақтандыру болмас еді, жұмыс істеуге құқығы болмас еді және алданған клиенттер болмас еді. Осының бәрі жасырылғандықтан осындай жағдайлар орнайды», — деп мәлімдеді өз кезегінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ержан Қоңырбаев.

Осыған байланысты Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры және Қазақстанның сақтандырушылар қауымдастығы туроператорлар мен туристік агенттіктердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөнінде заңнамаға өзгертулер енгізуді ұсынуда.

Е.Қоңырбаевтың айтуынша, 2014 жылы сақтандырушылар туризм саласындағы сақтандыру жағдайлары бойынша 250,360 млн теңге төлеген, ал алған сыйлықақыларының сомасы — 116,858 млн теңге. 2013 жылы төлемдер 135,183 млн теңгені қамтыды, сыйлықақы көлемі — 100,917 млн теңге.

Бұған дейін хабарлағанымыздай «Travelsystem» агенттігінің жабылып қалуына байланысты Түркияда демалып жатқан 700 қазақстандық қонақүйлерінен шығарылатын болды.

Сондай-ақ Travelsystem агенттігіне қатысты дау үшін депутат Романовская Исекешевті отставкаға жіберуді талап еткендігі туралы жазған болатынбыз.

Туроператорға байланысты осы жағдайға байланысты Инвестициялар және даму министрлігі опертативтік штаб құрып, Туристерді қорғау жөніндегі сақтандыру қорын ұйымдастыру жоспарланып отырғандығын хабарлаған болатын.