Теңіздегі тәртіпсіздік салдарынан бірнеше қылмыстық іс қозғалды

лотерея
Фото: viboronline.ru

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс барысында Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнындағы тәртіпсіздіктер салдарынан бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Дене жарақатын салу және бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Әрбір қылмыс құрамы бойынша қатысушылар бар. Бізде бір күдікті ұсталды, бірнеше күдікті бар. Біліктілік олардың қатысуына байланысты әр түрлі болады», – деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тәртіп бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, кен орнындағы тәртіпсіздік сенбі, 29 маусымда орын алған. Жаппай төбеллеске компания қызметкерлерінің бірі, ливандық Эли Даудтың әлеуметтік желілерде қазақ қызымен түскен фотосуретін жариялауы себеп болды.

Аталған оқиғаға байланысты Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов «кен орнындағы жағдай тұрақты» деп мәлімдеді. Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда «3-ші буын зауытының» бір учаскесіндегі жұмыстар тоқтатылды, басқа компаниялар өз қызметін жалғасып жатыр. Ал ССЕР компаниясының жұмыс ырғағын қалпына келтіру қажет.