Tesla-ның акциялары үш айда екі есеге өсіп, $89 млрд асты

37
акциялары
Фото: businessadministrationinformation.com

8 қаңтарда Tesla акциялары 5%-ға, әр данасына $492 өсті. Нәтижесінде капиталы $89 млрд асты.

Бұл америкалық автоөндіруші алпауыттар Ford пен General Motors-ты қоса алғандағы капиталынан артық. Ford-тың капиталы — $37 млрд, General Motors-$50.

Tesla акцияларының өсуіне себеп – Қытайда бірінші зауыты ашылды.

Алайда капиталының артуына қарамастан Tesla-ның сатылымы дәстүрлі автокөліктерден аз. 2019 жылы GM мен Ford АҚШ-та ғана 2 млн автокөлік жеткізген, Tesla болса бүкіл әлем бойынша 367,5 мың электрокөлік сатқан.