Tesla шығарушылары II тоқсанда тұтынушыларға жеткізілетін көлік санын көбейтті

Tesla шығарушылары II тоқсанда клиенттерге жеткізілетін көлік санын көбейтті

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – 2017 жылдың екінші тоқсанында америкалық машина өндіруші компания Tesla Inc тұтынушыларға жеткізілетін көлік санын 22 мыңға (53%) ұлғайтты. Бұл туралы компанияның баспасөзі хабарлады.

Компания осы уақытқа дейін тұтынушыларына 12 мың седан Model S және 10 мыңға жуық Model X. кроссоверден жеткізген. Өндірілген көліктің саны сәуір-маусым айында 25,7 мыңға жетті. Ал 47 мыңға жуық автокөлікті бірінші жартыжылдықта тұтынушыларға жеткізген.

Бюджетті көбейтетін Model 3 моделінің алғашқы көлігі 7 маусымда шығады. Сондай-ақ, Tesla желтоқсан айына 20 мың көлікті өндіруді жоспарлап отыр.

Компанияның болжамына сәйкес, 2018 жылы 500 мың автокөлік шығарылады. Осы уақытқа дейін Tesla 200 мың автокөлік шығарған.