с

2453
Сонымен қатар құжат ҰКП өкілдерінің қаржылық және инвестициялық ұйымдардың директорлар кеңесіне қатынасуды қарастырады.

Шетелге шығып көрікті орындарды тамашалап, керемет демалғысы келетіндер үшін арзан әрі тиімді саяхаттау кеңестері жалғасады. Бастысы, саяхаттаудан жалықпаңыз!

Египет

pro.tonkosti.ru

Біз сізге баруға кеңес беретін келесі туристік орталық ол әрине, Египет. Фараондар мен пирамидалар, құм төбелер мен сағымдар, бәдәуилер мен түйелер елі – Египет өзінің уақытқа бағынбаған жұмбақтылығымен және көне артефактілерімен ерекше.

Египетте демалу дегеніңіз жайлы қонақ үйде жатып, Африканың керемет табиғатын Қызыл және Жерорта теңізі жағажайларында тамашалау деген сөз.  Заманауи инфрақұрылым, көз тартарлық құнды мұралар, қымбат емес сауда Египетті әлемдегі бірден-бір сұранысқа ие шипажайға айналдырды.

b8ec2fc7dbedf0c68ae77c6d1e246d39

Түйенің жүнінен және терісінен жасалған бұйымдар, қолдан жасалған кілемдер, сүлгілер, мыс пен жезден соғылған әшекейлерді көптеген сауда дүкендері мен дүңгіршектерінен алуға болады. Мұнда, тауарды жарты бағасына дейін түсіруге болады. Алайда бұл елдің ең танымал кәдесыйы түрлі-түсті суреттер салынған папирус пен кальян болып табылады.

Египетке тиімді жолдаманы жылдың кез-келген мезгілінде таба аласыз. Демалыс құны маусым мен күндердің ұзақтығына байланысты. Бір апталық демалыс, ұшу, өмір сүру,  трансфер, тамақтану бағасы адам басына 400-800 доллар көлеміне келеді. Жеке тұрғын үйді жалға алам десеңіз күніне 20 еуро төлейсіз.

Таиланд

kenguru.by

Түркиялық және египеттік демалыстан шаршасаңыз сізді алда Таиландтағы керемет демалыс тосып тұр. Бұл жерде сіз экзотикалық жағалаудан тұрғын үй жалдай аласыз. Оның үстіне бұл ел дербес демалушылар үшін ең жақсы жер болып табылады.

Мамырдың ортасы мен қыркүйектің аяғына дейін аз ғана ақшаға демалып және күншығыс елінің экзотикалық табиғатын тамашалауға болады. Ауа-райы керемет, үй бағасы арзан, экскурсия қолжетімді.

Thailand-Beautiful-Architecture

Көптеген туристер дербес демалысты таңдап өздерінің талаптарына жауап беретін тұрғын үйлерді жалдайды. Бұл жерде тұрғын үйді айына 100-150 долларға алуға болады, бірақ олар  үйді көбінесе алты ай немесе жылға береді.

Бір бөлмелі пәтерді 200-300 долларға жалдай аласыз. Әсіресе, гест-хаустар үлкен сұранысқа ие, ол жерде тұру бағасы күніне 10 доллар.

Демалушылардың көпшілігі Таиландқа сауда жасау үшін келеді. Арзан, әрі мақта мен жібектен, фарфор мен әшекейлерден, күмістен жасалған сапалы тауарлар әлемнің барлық шопинг сүйгіштерін бір ортаға жинайды.

Үндістан

rbsm.info

Демалушылар Үндістанды не үшін таңдайды?! Бұл жерде жағажайда демалуға, бай тарихи жәдігерлерді тамашалауға және арзан шопинг жасауға болады. Ең танымал және арзан шипажай – Гоа. Ол өзінің Гокарна, Керала сияқты аппақ қардай жағажайларымен атақты.

Гоа – бұл тек күн мен теңіз ғана емес, сондай-ақ дербес демалысты таңдағандар үшін бекер шығындалмау жолы. Бұл жердегі арзан қонақ үйлер мен пәтерлер күніне 10-20 доллар тұрады. Жағажайда орналасқан үйлерді күніне 8 долларға жалдай аласыз.

Жергілікті кафе немесе мейрамханалардан дәмді, арзан, сапалы ас ішуге болады. Ас мәзірінен еуропа асханасынан бастап үндістандық асханаға дейінгі тағамдарды табуға болады,ең бастысы сізге берілетін ас үлесі үлкен болады.

15-20 долларыңыз болса досыңызбен не сүйгеніңізбен бірге түскі ас ішіп, оған қоса алкогольді және тәтті сусын да ала аласыз. Қонақ үйде таңғы ас 5 доллар тұрады.

newtravel.by

Үндістанға барып тұрып, саяхаттамай кету мүмкін емес. Мұнда саяхат құны 150 долларды құрайды. Такси жалдап алсаңыз, үнемдеуге қолайлы. Үндістан таксилері арнайы саяхат автобустарынан да арзан. Бірақ, баға туралы алдын-ала келісіп алғаныңыз жөн.

Жергілікті операторлар қызметін пайдалансаңыз, телефонмен сөйлесуде де үнемдейсіз. Есте сақтаңыз, теңгеріміңізді толтыру тек сим-карта сатып алынған аймақта ғана жүзеге асады.

Сауда жасауға таңдау көп, мұнда: кашемир, раджастандық кілемдер, сари, белдемше, шали, шай, Еуропадағы тағамның барлығының дерлік дәмін кіргізіп отырған атақты үнді дәмдеуіштері, үнді жаңғағынан, сандал ағашы және бамбуктан жасалған кәдесыйлар да бар. Ал, әшекейлерінен мыс, күміс, алтын, қымбат тастар және эмальмен әшекейленген бұйымдар көздің жауын алады. Бұл бағалы әрі сапалы дүниелердің бәрі сатып алғанға өте арзан.

Қазақстан азаматтарының Үндістанға баруы үшін құны 12 000 теңге тұратын виза алуы керек. Алматы – Дели – Алматы бағытындағы ұшу бағасы 75 000 теңге, ал Алматы – Гоа – Алматы рейсі 100 000 теңге болады.

Вьетнам

befly.kg

Қанқұйлы соғыстар мен ұлы империялар жері — ерекше мәдениеті мен керемет табиғаты бар Вьетнамдағы демалыс сізге ерекше сезім сыйлайды.

Заманауи Вьетнам – ол дамыған инфрақұрылым, жанға жайлы арзан қонақ үйлер, қызықты саяхат. Вьетнамдағы демалыс Египет пен Үндістанға қарағанда әлдеқайда арзан.

Бұл саяхатта ақшаның көп бөлігі ұшақпен ұшуға кетеді,себебі азия елдеріне ұшу қымбат тұрады. Мысалы, Хошиминдегі және  Куала-Лампурдағы 12 күндік демалыс ұшу бағасын, трансфер, тамақтану құнын қосқанда адам басына 1200-1500 долларды құрайды. Сондықтан ең дұрысы туристік жолдама мен әуетасымалдаушылардың жеңілдіктерін күту.

Vietnam_r

Вьетнамды мамыр мен қазан аралығында аралау арзанға түседі. Төрт жұлдызды қонақ үйдің екі орынды бөлмесінде тұру 70-80 доллар шамасында болады. Ал, «жабайы» демалыс бұдан да арзанырақ. Жағалаудағы қонақ үйде немесе бунгалода бөлме жалдасаңыз орташа құны 20-25 доллар болады.

Бұл жердегі шопинг арзан,әрі тауарлары сапалы. Ең танымал тауарлардың қатарына: өзгеше кәдесыйлар, киім, керамика, бағалы тастардан жасалған әшекейлер және теңіз маржаны жатады.

Вьетнам асханасы Қытай, Үндістан және француздық колонисттердің ықпалына ұшыраған. Сондықтан ол өте ерекше, тойымды, дәмді және арзан. Екі адам үшін кафеде немесе мейрамханада ас ішу құны — 10-20$.