Өткен айда валюта нарығындағы операциялар көлемі $6,1 млрд құрады

448
теңге

Ұлттық банктың таратқан мәліметтері бойынша, ақпан айында ішкі валюта нарығындағы операциялар көлемі 6,1 млрд долларды құраған.

«Ақпанда теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 184,45 — 185,05 аумағында болды. Айдың соңына таман теңгенің биржалық 1 АҚШ долларына шаққандағы курсы 185,05-ке жетті.

Өткен айда Қазақстандық Қор Биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша саудадағы келісімдерді есепке алғанда 5,5 млрд долларды құрады, Ал биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 0,5 млрд долларға тең болды», — делінген ведомство хабарламасында.