Өткен аптада теңге 0,4%-ға әлсіреді

71
бағамы
Фото: kapital.kz

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – 26 сәуірдегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,4%-ға әлсіреп (379,29-дан), 380,89 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 19 сәуірден 26 сәуір аралығында неғұрлым маңызды келесі оқиғалар болды: Канаданың (1,75%), Ресейдің (7,75%) және Түркияның (24%) Орталық банктерінің ақша-кредит саясатының бұдан былайғы траекториясына қатысты негізгі мөлшерлемені өзгермейтін деңгейде сақтау туралы шешімдері; АҚШ-тың 2019 жылғы 1-тоқсандағы (+3,2% кв/кв) ІЖӨ бойынша деректемелерді жария етуі; АҚШ-та тұтыну шығыстары индексінің 1,3% кв/кв дейін баяулауы; АҚШ Президенті Әкімшілігінің Иранға қарсы мұнай санкцияларымен байланысты шектеулерді орындауға қатысты 8 елге берілген артықшылықты ұзартпау туралы шешімі.

Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпінімынадай түрде қалыптасты:

  • Бразилия реалы — 0,1%-ға (3,928-ден 3,932-ге дейін) әлсіреді.
  • Мексика песосы — тәуекел-сентиментінің нашарлауы және инвесторлардың АҚШ-тың тәуекелсіз қазынашылық облигацияларға қызығушылығының артуына байланысты 0,8%-ға (18,79-дан 18,94-ке дейін) әлсіреді;
  • Үндістан рупиясы — мұнай бағасының өсуі және бір баррель үшін 75 доллардан жоғары белгіге жетуі аясында 1%-ға (69,35-тен 70,02-ге дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы — негізгі мөлшерлемені өзгермейтін деңгейде сақтауға қарамастан 1,1%-ға (14 045-тен 14 199-ға дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі — салықтық кезеңнің аяқталуы, сондай-ақ ФҚО-ны орналастыру бойынша аукциондардың салыстырмалы табыссыз нәтижелерінің аясында 1,2%-ға (64,02-ден 64,8-ге дейін) әлсіреді;
  • Түрік лирасы — ОБ-нің қажет болған жағдайда мөлшерлемені көтеру туралы тұжырымдамадан бас тартып, оны сақтау туралы шешімінің аясында 2,2%-ға (5,81-ден 5,94-ке дейін) әлсіреді.
  • Оңтүстік Африка ранды — тәуекел-сентиментінің нашарлауы және Эском энергетика компаниясының қаржылық проблемалары туралы хабарларға байланысты жергілікті борыштық нарықтан капиталдың әкетілуі аясында 2,4%-ға (14,06-дан 14,39-ға дейін) нығайды.