ТМД елдеріндегі дәрі бағалары ЕО мен БРИКС бағаларынан жоғары

708
Pills in petri dishes with lids on

ТМД елдерінің дәріханаларында дәрі-дәрмек бағалары ЕО мен БРИКС бағаларынан жоғары. Бұл туралы Душанбедегі ТМД Үкімет басшыларының кездесуінде Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметі (ФМҚ) басшысының орынбасары Анатолий Голомолзин хабарлады.

«Бұл жұмысты салыстырмалы талдап, зерттеу барысында, әзірге ТМД елдеріндегі дәріхана бағалары ЕО мен БРИКС-тегі көптеген елдерге қарағанда жоғары екендігін көрсетті»-деді ол.

Сонымен қатар ол ТМД елдерінде шетелдік фармацевтикалық компаниялардың позициялары жоғары екендігін айтты. Отандық дәрі-дәрмек өндірушілер нарық бәсекесінде әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардан ғана қалып қоймай, сонымен қатар Қытай және Үнді дәрі-дәрмек өндірушілерінен де артта қалады екен. А.Голомолзин соңғы кездері ТМД аумағында шетелдік компаниялардың өнімдерін өндіруге шектеулер жүргізіліп жатқанын айтты.

ФМҚ ТМД фармацевтикалық нарығындағы жағдайды жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар дайындады. Ұсыныстар, атап айтқанда, дәрілік заттарды тіркеуге қатысты мәселелер , сапасын бақылау , лицензиялау , өндіру көлемі бойынша ұлттық заңнаманы үйлестіру , сауда, нарықтың негізгі компаниялардың стандарттарына байланысты болды.

Осы шараларды іске асыру арқылы А.Голомолзин, ТМД елдері арасында фармацевтика нарығындағы бәсекелестікті дамытып және халықтың дәрілік қажеттіліктеріне қол жетімдіділігін арттыратынын айтты. Ол ТМД елдері үкіметтері басшыларынан  ұсынылған мәселе бойынша шешім жобасын қолдауларын сұрады.