ТМД үкімет басшыларының кеңесі бірқатар құжаттарға қол қойды

Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда отырыс қатысушылары қаржы-экономика аясындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен әрекеттерінің жоспарын қабылдады, халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы бекітілді.

Бұған қоса, тараптар 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының халықаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар кешеніне, сонымен қатар 2020 жылға дейінгі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығының концепциясына және оның жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар жоспарына қол қойды.