Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТМД үкімет басшыларының кеңесі бірқатар құжаттарға қол қойды

ТМД үкімет басшыларының кеңесі бірқатар құжаттарға қол қойды

Бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда отырыс қатысушылары қаржы-экономика аясындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірлескен әрекеттерінің жоспарын қабылдады, халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы бекітілді. Бұған қоса, тараптар 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының халықаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар кешеніне, сонымен қатар 2020 жылға дейінгі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығының концепциясына және оның жүзеге асыруға қатысты іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Похожие материалы