Тоғжанов бизнеске ие депутаттар туралы: Мен мұнда оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. 7kun.kz – Вице-премьер Ералы Тоғжанов көптеген депутаттардың жеке кәсібі бар екеніне өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Мен мұнда оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын, тиісті заңнама бар. Ол бойынша депутаттыққа дейін кәсібі барлардың барлығы оны сенімгерлік басқаруға беруі тиіс – бұл заңнама аясында», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, вице-премьерге әкімдер қарапайым болып, сәнді заттардан бас тарту керек пе деген сұрақ қойылды.

«Мұндай міндет барлық әкімдердің алдына қойылған. Олар оны өздерінің функционалдық міндеттері аясында орындайды», – деді Ералы Тоғжанов.