Токио Олимпиадасының бюджеті 12 млрд долларға қысқарды

бюджеті
Фото: UA.News

Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz – Токиода өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының бюджеті тағы 35 млрд теңге (шамамен 309 млн доллар) қысқартылды, деп хабарлайды ТАСС.

Kyodo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Токиодан тыс жерлерде өтетін жарыстар шығынын Олимпиада лотереясынан түсетін қаржымен жабу көзделіп отыр.

Олимпиада мен  Паралимпиада бюджеті ұйымдастыру комитетінің,  мемлекеттің және Токио билігінің қаржысынан қарастырылған болатын. Осыған байланысты қазір әртүрлі дау-дамайлар да қызып тұр.

Айта кетейік, халықаралық Олимпиада комитеті шығындарды қысқартуға қатты көңіл бөліп отыр. Олар шығынды 1 млрд долларға дейін азайтуға болатынын айтады. Алғашқы жоспарда жазғы ойындардың шығыны $18 млрд көлемінде деп жобаланған еді.

Алайда, ұйымдастырушылар шығындарды бөлу арқылы, жоспарланған қаржыны азайтуда.