Тоқаев Алматыға келді

2020
Фото: Vlast.kz

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам өкілдерімен, көп балалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесулері жоспарланған », — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысады.