Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің ант беру рәсімінде айтты.
«Қазақстан Республикасының тұңғыш преиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгілік ұлықтау үшін, елордамыздың атауы Нұрсұлтан болып өзгертілуі керек»,-деді Тоқаев.
19 наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы республикалық телеарналарда жасаған мәлімдемесінде айтқан еді. Конституцияға сәйкес, Президенттің уақытша міндетін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.