Тоқаев Ұлттық Банктің штатын қысқартты

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 17 тамыздағы жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, ҚР Ұлттық Банкінің ережелері мен құрылымдарына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік мөлшерінде бекітілді.

Бұған дейін қаржы реттеушісі мен оның филиалдарының штат саны 2587 бірлікті құраған.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.