Тоқаев Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Жезқазған. 16 маусым. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының белгілі ақыны әрі жазушысы Мұхтар Шахановты жоғары дәрежелі «Қазақстанның еңбек ері» медалімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақ әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін жазушы Мұхтар Шахановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», – делінген қаулыда.