Алматы. 10 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күнгі президенттік сайлауда экзит-полл қорытындысы бойынша сайлаушылардың 70,13% дауысын алды, деп хабарлады «Қоғамдық пікір» институты кеңесінің төрайымы Айнұр Мәжитова.
«Тоқаевқа 70,13% дауыс берді», — деді Мәжитова Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында.
Екінші орында — кандидат Әміржан Қосанов 15,39%, үшінші орында — «Ақ жол» партиясынан кандидат Дания Еспаева 5,32%, деп хабарлады «Қоғамдық пікір» институтының өкілі.
Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың 77,4%-ы қатысты.