Тоқаев Си Цзиньпинді Нұр-Сұлтан әуежайында қарсы алды

Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.