Тоқаев Өзбекстанға барады

Нұр-Сұлтан. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.

Өзбекстанда президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.