Тоқаевтың баспасөз хатшысы аумақтық тұтастық туралы мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді

Астана. 11 қараша. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтқан «Қазақстан барлық елдің территориялық тұтастығын қолдайды» деген мәлімдемесіне президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы президенттің мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатқанын атап өтті.

«Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішке орай жасағанын атап өткім келеді.

Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқа», – деді президентің баспасөз хатшысы.