Тот басқан локомотивке қарай жол тарту

Қытай өз валютасының құнсыздануына рұқсат сұраған жоқ, сондықтан Тайванмен хабарласуға Қытайдың маған рұқсаты керек емес деп бірнеше күн бұрын, АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter арқылы хабарлады. Сол сәтте, Трамп жасаған сілкініс, Америка Құрама Штаттары үшін экономикалық жағынан тиімді болар деген менің үмітім азайды.

Мен дамыған экономикаларға, олардың 2008 жылдан кейінгі орын алған науқастық және жеңіл ақша-несие саясатына шамадан тыс тәуелділікті болдырмау үшін түрткі қажет деп санаймын. Трамптың сілкініс жасай алу бейімділігін ескерсек, ол бұл мақсат үшін жақсы кандидат болып көрінді. Бірақ, егер Трамп бүлдірулерінің шын мәнінде АҚШ-қа көмегі керек болса, ол жалпы және көбінесе жалған популистік жәй сөздердге емес, экономикалық маңызды жәйттерге көбірек көңіл бөлуі керек.

Оның Қытайға қарсы айыптарына қарағанда, ол жай ғана отқа май салып және өз жақтастарын жігерлендіру үшін жасап, сындарлы күн тәртібінін талқылап жатқан емес. Себебі, кез келген Қытайды бақылаушы, соның ішінде мен бұрын бірге жұмыс жасаған Трамптың кейбір өз кеңесшілері, елдің біраз уақыт бойы өз валютасын құнсыздандырмағанын біледі.

Иә, шынында қытай юані долларға қатысты жақында төмендеді, бірақ жапон йенасы, еуро, немесе британдық фунтпен салыстырғанда төмендеуі олар сияқты көп емес, және сол төмендеу АҚШ экономикасына сенім білдіру арқылы жүзеге асырылып отыр. Қандай жағдайда болмасын, Қытайда саудамен өлшенген айырбас бағамы саясаты бар, және ол долларға қатысты кейбір мақсатты деңгейде юанді ұстап қалуға негізделмеген.

АҚШ компанияларының бәсекеге қабілеттілігін бұзды деп Қытайды айыптаудың орнына, Трамп өсуге бағытталған шынайы стратегияға көңіл бөлуі қажет. Мұндай стратегия британдық «солтүстік локомотив» үлгісіндей бола алар еді, ол Британдық өндірудің бұрынғы басты өңірлеріндегі экономиканы жандандыруға бағытталған, мен өзім үкімет мүшесі ретінде дайындауға көмектескен жоба.

Лондон әлемдегі ең мықты 50 қалалардың қатарына кіретін Ұлыбританиядағы жалғыз қала. Бұл соңғы 20 жылда экономикалық өсу, байлықты асыру, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейіндегі жақсарудың 60%-дан астамы қалалардың арқасында болған әлемде үлкен маңызы бар пункт болып табылады. Жеке-жеке алғанда, Англияның солтүстігінде кішірек қалалары шын мәнінде, онымен бәсекелесе алмайды.

Бірақ, Манчестер, Шеффилд, Лидс және Ливерпуль тәрізді ірі қалаларды бірге байланыстыру арқылы солтүстік, жеті миллион адам осылайша бірыңғай өңірлік экономика ретінде әрекет етіп, ірі жаһандық қалалардың агломерацияларының пайдасын көріп, әлдеқайда бірыңғай бола алар еді. Шын мәнінде, Манчестер, Лидс, Ливерпуль және Шеффилд арасындағы арақашықтық Лондон Метросының Орталық, Аудандық және Пикадилли желілерімен қамтылатын қашықтықтан аз. Қолжетімді заманауи көлік жүйелері арқылы бұл қалалар қалалық агломерация пайдасын ала алатыны айқын.

Әрине, Англияның солтүстік қалалары өздерінің бірегей тарихын мақтан етеді және жеке өзіндік ерекшелігін сақтап қалуға ұмтылады. Олар мұның бәрінен айрылмайды, әрине. Кейбіреулер өз артықшылығын көрсетуге арналған алаң ретінде солтүстік локомотив стратегиясын қарастырса да, бұл ол мақсатқа пайдасыз, себебі бұл орталық үкіметтің жобаның өзектілігіне күмәндануына әкелуі мүмкін. Елдің басқа да көптеген аудандары қиналып жатқан кезде неге осы қалаларға сонша инвестиция енгізу керек? Тек бір ғана жауап интеграцияның пайдасын қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Бақытымызға орай, кейбір күмәнға қарамастан, Ұлыбритания үкіметі Лидс-Манчестер пойыз саяхатын 30 минутқа қысқарту мақсатында, қажетті көлік жолдары жалғауларын бастауды жариялады. Бірақ солтүстік локомотиві жоспарының өзге элементтері де маңызды, әсіресе Мэрлерді сайлауға айырбастау үшін, шешім қабылдау және кейбір ақша жұмсап, табысты қолдану өкілеттіктерін қалалық деңгейге беру сияқты маңызды болып табылады (Ұлыбритания АҚШ-тан бұл орайда үйрене алатыны көп) . Өйткені, Англия ЭЫДҰ құрамындағы бәлкім, оның терең өңірлік теңгерімсіздік ықпалынан, ең саяси орталықтандырылған экономикасы бар мемлекет болып табылады.

Өкілеттік беру және көлік құрылымдарынан басқа, Англияның солтүстік өңірі озық компанияларды тарту және ұстап қалу мақсатында, оның жұмысшыларының білімі мен дағдыларын күрт жетілдіруі қажет. Лондондағы тамаша жетістіктер және соңғы 20 жылдаға оңтүстік шығыс Англияның білім деңгейін қайталау жоспарлары өршіл болғанымен, оларға қол жеткізуге болады.

Мықтырақ шешім қабылдау органы және одан да көп байланыстар мен дағдылар арқылы, Англияның солтүстік қалалары әлдеқайда серпінді болып, онжылдық экономикалық құлдырауды қайтаруы мүмкін. Шын мәнінде, мен қазірдің өзінде жергілікті және шетелдік инвесторлардың назарын өзіне аударған солтүстік локомотиві жобасы, көптеген жылдар бойы Ұлыбританияның ең маңызды құрылымдық экономикалық саясатының бірі болады деп болжар едім. Сондықтан Ұлыбритания басшыларының оны алға жалғастыруы өте маңызды.

Солтүстік локомотиві стратегиясы басқа елдер үшін маңызды мысал боларлық. Қазірдің өзінде, Қытай, ескі солтүстік өнеркәсіптік белдеуін қайта қуаттандыруға бағытталған ұқсас өңірлік даму стратегиясын жүргізіп отыр және осылайша оның ультра динамикалық жағалау қалаларынан қысымды алып тастауда. АҚШ та Трамп жеңісінің ажырамас бөлігі болған Тот белдеуін жандандыратын жоспарын іске асырмақ.

Қосымша артықшылығы ретінде, мұндай тәсілдің өзге жалқау аймақтарда «бәсекеге қабілетті қызғанышты» жандандыру мүмкіндігін атап өте аламыз. Мұндай жағдай Ұлыбританияда орын алды, яғни Англияның солтүстігіндегі прогреске қарап, Лондоннан тыс басқа да ірі қалалық аумағын қамтитын, бір-біріне жақын көптеген қалалар бар, «Мидленд қозғалтқышының» керектігі жайында адамдар айта бастады.

Әрине, АҚШ Англия қарағанда әлдеқайда үлкен және оның ескі өнеркәсіптік қалалары бір-бірінен өте алшақ орналасқан. Бірақ солтүстік локомотиві жоспарын тудырған кейбір идеялар Трамптың экономикалық жоспарларын айтарлықтай байыта алады. Инфрақұрылым инвестициялары оның күн тәртібіндегі басты элемент болып табылатынын, және үкіметтік өкілеттікті штаттарға беру АҚШ республикашылдардың арасында қолдау табатынын да ескерсек, мұндай көзқарастың болашағы бар екені анық.

Автор туралы: Джим О’Нил — Goldman Sachs Asset Management бұрынғы төрағасы және Ұлыбритания Қазынашылығының бұрынғы сауда бойынша хатшысы, Манчестер университетінің құрметті экономика профессоры, британдық үкіметтің микробқа қарсы препараттардың төзімділігіне байланысты шолуының төрағасы.

Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған.