Төтенше жағдай және карантин кезінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымды қалай жолдауға болады?

57
қаржы
Фото: kz-news.info

Қазақстанда төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдауды жалғастырады, деп хабарлады агенттік. 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке мынадай түрде қашықтан өтініш жасай алады:

— пошта бойынша берілуі немесе курьер арқылы жеткізілуі, оның ішінде Өңірлік өкілдер басқармасына жеткізілуі мүмкін жазбаша өтініштермен.

Агенттіктің хат-хабарды қабылдауға арналған пошта жәшігі Агенттіктің мына мекенжайда орналасқан ғимаратының № 1 кіреберісінде орналастырылған: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200;

— қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қажетті жедел ақпарат алу үшін:✓ Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры Александр Терентьевтің TAL@finreg.kz электрондық поштасы арқылы немесе +77011110471 телефоны бойынша;

✓ Департамент директорының орынбасары Ксения Калиеваның электрондық поштасы: Kseniya.Kaliyeva@finreg.kz;

✓ Департаменттің қаржы өнімдерін мониторингтеу басқармасының бастығы Рүстем Оспанқұлов: Rustem.Ospankulov@finreg.kz;- Департаменттің тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы Мениса Хуснутдинованың Menissa.Khusnutdinova@finreg.kz электрондық поштасы арқылы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша немесе www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарындағы «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша жиі берілетін сұрақтарға жауаптар» баннеріне кіру арқылы, ол бойынша сілтеме «Кредиттер» бөліміндегі («Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы» шағын бөлімі) тиісті айдарға әкеледі;

— Департаменттің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сауле Ынтықбаеваның Fingramota@finreg.kz электрондық поштасы арқылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша;

— +77089332780 нөмірі бойынша «шұғыл желі» WhatsApp арқылы, сондай-ақ www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарындағы «Кері байланыс» бөлімінің электрондық нысаны арқылы;

— Өңірлік өкілдер басқармасында – аумақтық қатыстылығы бойынша.